Алматыда "Калқаман" жаңа метро станциясы салынып жатыр

99

Құрылыс жұмыстарына 400-ден астам маман тартылған.  

Алматыда "Калқаман" жаңа метро станциясы салынып жатыр Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда "Калқаман" жаңа метро станциясы салынып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматының төменгі аудандарын қаламен байланыстыратын станцияның сол жақ тоннелінде ұзындығы 1807 метр болатын рельс төселді. Бұл технология пойыздардың қозғалысын бірқалыпты етеді. Жұмыстарды "BCN Group" ЖШС жүргізіп жатыр.

"Қазір бір уақытта байланыс рельсі орнатылып, кабельдер, су ағызу және дренаж жүйелері, сигнал беру және жарықтандыру жүйелері тартылуда. Станцияның монолиттік құрылысы аяқталуға жақын. Қабырға әрлеу және инженерлік желілерді тарту жұмыстары жалғасып жатыр. Оң жақ тоннельде күніне 4–5 метр жер қазылып жатыр. Жыл соңына дейін станция мен оған тиесілі құрылымдарда рельс төсеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр", – делінген ақпаратта.

Құрылыс жұмыстарына 400-ден астам маман тартылған.

Станция құрылысы 2026 жылдың алғашқы жартысында толық аяқталады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу