Алматы Полиция департаментінің хабарлауынша, апат 24 қарашада шамамен сағат 17:30-да болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
КамАЗ жүргізушісі солтүстік бағытқа келе жатып, рөлге ие бола алмаған. Сосын тасты бордюрге соғылып, аударылып түскен.
Кеше, яғни 24 қараша күні кешкісін Алматының Шығыс айналма жолында валундар тасымалдап келе жатқан Shacman жүк көлігі қатысқан жол апаты тіркелді. Алдын ала деректер бойынша, оқиғаға тежегіштің қызып кетуі себеп болуы мүмкін.
Жүргізуші өзге көліктермен соқтығысуды болдырмау үшін машинаны шетке бұрған. Жүк көлігі аялдаманың жанынан өтіп, біраз уақыт арықпен жүріп, кейіннен аударылып қалған.
Жүк көлігін арықтан шығаруға арналған ауыр эвакуатор оқиға орнына жеткізілді. Полиция көлік қозғалысын уақытша шектеуге мәжбүр болды.