Алматыда қамыс арасындағы көлік ішінен ер адамның денесі табылды

268

Оқиға 27 тамызға қараған түні болған.

Алматыда қамыс арасындағы көлік ішінен ер адамның денесі табылды Фото: inbusiness.kz

Алматының Түрксіб ауданындағы саябақ маңындағы қамыс арасынан Toyota маркалы автокөлік пен бейтаныс адамның денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты түсінік берді.

Ведомствоның мәліметінше, марқұмның кім екені анықталды.

– Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Материалдар Түрксіб аудандық полиция басқармасының өндірісінде, – делінген хабарламада.

Өлімнің нақты себебін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу