Полицияның мәліметінше, әлемге танымал әншінің концерті қарсаңында интернетте жалған билет сатуға қатысты алаяқтық әрекеттер көбейген.
Ведомствоның хабарлауынша, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде концерт билеттерін сататыны туралы хабарландыру жариялаған жас жігіт анықталған. Оның заңсыз әрекеті дер кезінде тоқтатылып, ешкімді алдап үлгермеген.
Сондай-ақ полиция ірі мәдени іс-шаралар алдында әлеуметтік желілерді, хабарландыру сайттарын және түрлі интернет-платформаларды үздіксіз бақылауда ұстайтынын мәлімдеді. Мұндай мониторингтің мақсаты – жалған билет сату және жоғары сұранысты пайдаланып заңсыз табыс табуға тырысатын алаяқтарды анықтау.
Осыған байланысты тәртіп сақшылары тұрғындар мен қала қонақтарына билеттерді тек ресми сервистерден сатып алуға, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға және күмәнді жарнамаларға сенбеуге кеңес берді.