Алматыда қанша қабылдау пункті бар?

705

Әкімдік зардап шеккен халықты қабылдау пункттерін тез арада табу жолдарын айтты.

Алматыда қанша қабылдау пункті бар? Фото: mail.kz

Қала әкімдігі қалада 384 қабылдау пункті ашылғанын айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы әкімі Ерболат Досаев сағат 11:40-тан бастап шұғыл штабта жиналыс өткізіп, қосымша іс-шаралар жоспарын талқылап жатыр.

Қаланың барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі қосылған. Қалалық полиция бөлімі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Барлық мектеп мен балабақша ашық, жиналу пунктілері жұмыс істеп тұр.

Сенімсіз ақпаратты таратпауды және сенбеуді сұраймыз. Тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз. 

"Қабылдау пунктерін табу үшін 2ГИС картасына "зардап шеккен халықты қабылдау пунктері" (пункты приема пострадавшего населения) деп іздеу керек", - деді әкімдік өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу