Алматыда қант тапшылығы қашан шешіледі?

658

Зауыттардан шыққан қант енді тікелей сауда желілеріне түседі.

Алматыда қант тапшылығы қашан шешіледі?

Орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте Ерболат Досаев қант мәселесіне де тоқталды, деп жазды inbusiness.kz.

 "Магнумға 6 500 тонна қантты белгіленген бағамен 445 теңге сатуға 3 млрд теңге бөлінді. Басқа сауда желілерінде қанттың бағасы 480-530 теңге аралығында. Алматыда қант бар және жеткілікті мөлшерде! Біз бюджеттен қаржы тарту арқылы азаматтардың сұранысын қанағаттандыруды көздеп отырмыз. Алматыда көптеген делдалдар пайда болды, сондықтан квота ұсынылды. Енді зауыттардан қант тікелей сауда желілеріне түседі.  Дүкендерді тексеру басталды, алғашқы нәтижелер шілдеде белгілі болады", – деді Алматы әкімі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу