Алматыда қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жүргізілді

86

Іс-шараға 19 маман, 6 арнайы техника және бір кинологиялық топ жұмылдырылды. 

Алматыда қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жүргізілді Фото: Бейнежазбадан

Алматы қаласындағы Қотырбұлақ өзені алабында, тау-шаңғы курорты аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қар көшкінін алдын ала түсіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мамандар №10 және №11 қар көшкіні учаскелерінде бақылаулы жарылыс жасап, нәтижесінде шамамен 2000 текше метр қар көшкіні түсірілді.

Іс-шараға 19 маман, 6 арнайы техника және бір кинологиялық топ жұмылдырылды. Жұмысқа "Қазселденқорғау", Алматы қалалық ТЖД, "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы және TauKen Prom ұйымдары қатысты.

Құтқару қызметтерінің мәліметінше, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде зардап шеккендер мен қираулар тіркелген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу