Алматыда қар тазалауға 500-ден астам техника жұмылдырылды

435

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы шаһардағы қар тазалау жұмыстарына қатысты ақпарат берді, деп жазады inbusiness.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматыда қар тазалауға 500-ден астам техника жұмылдырылды Фото: Almaty.tv

Ақпаратқа сәйкес, тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жаяу жүргіншілер жолын, көлік тұрақтары мен қоғамдық орындарды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

"Түнгі уақытта 516 арнайы техника, оның ішінде 152 құмшашқыш, 204 тазалаушы техника мен 367 жұмысшы тазалау жұмыстарын жүргізді. Таңнан бері қала көшелерінде 524 арнайы техникамен1240 жұмысшы қызмет етуде". 

Алматы әкімдігі жүргізушілерге жолда сақ болуды, жылдамдықты азайтып, қашықтықты қатаң сақтауды ескертеді. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу