Алматыда "Қара шаңырақ - 2022" театр фестивалі өтеді

609

Шара КСРО және Қазақстанның Халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әзірбайжан Мәмбетовтің  90 жылдығына арналған.

Алматыда "Қара шаңырақ - 2022" театр фестивалі өтеді Фото: baq.kz

6-11 желтоқсан күндері  Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры "Қара шаңырақ - 2022" жаңа қойылымдар фестивалін өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz театрдың баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сілтеме жасап.

"Фестивальдің мақсаты – жаңа қойылымдардың шығармашылық сапасын, оның ішінде актерлердің табысты жұмысын анықтау. Шығармашылық құрамға  жаңа серпін беріп, көрермен мен театр арасындағы байланысты нығайту", делінген хабарламада.

Фестиваль барысында қазылар алқасы номинациялар бойынша үздіктерді анықтап, жеңімпаздар 13 желтоқсан марапатталады.

Шараның ашылу салтанатында кітаптардың тұсаукесері, "Ә.Мәмбетовтің туғанына – 90 жыл" атты көрме "Қан мен тер. Ақбала"  трагедиясының  көрсетілімі өтеді.

Фестиваль барысында Қ.Бегмановтың "Менің Мұстафам!.." моноспектаклі, Д.Исабековтің "Мақшар түнгі махаббат" мистикалық драмасы, Р.Отарбаевтың "Қытайдан жеткен сәлемдеме" драмасы, М.Әуезовтің "Қарагөз" трагедиясы және өзге де қойылымдар көрермен назарына ұсынылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу