Алматыда кәсіптік бағдар беру фестивалі өтеді

Бұл – мамандық таңдау кезінде көптеген сұрақтар мазалайтын мектеп пен колледж түлектері үшін ерекше іс-шара.

Алматыда кәсіптік бағдар беру фестивалі өтеді Фото: Алматы сервис колледжі

20-21 мамырда Алматыда "Алматыдағы заманауи білім беру күндері" кәсіби бағдар беру фестивалі өтеді. 

Жиында білім беру мекемелерінің өкілдері Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына оқытудың өзекті бағдарламалары туралы айтып береді. Сонымен қатар олар еңбек нарығындағы белгілі бір кәсіп туралы түсіндіреді, кәсіби мансапты жоспарлау бойынша кеңестер береді.

Фестивальға қатысушыларды көрмелер, түрлі бағыттар бойынша шеберлік сабақтары, тұсаукесерлер, көше қойылымдары мен флешмобтар күтеді. Шеберлік сабақтарында жоғары оқу орындары мен колледждердің өкілдері жастарға түрлі кәсіптердің ерекшеліктерін түсіндіреді, оқуға түсу үшін қанша балл жинау керектігін айтады. Олар белгілі бір оқу орнына түсуге дайындық, белгілі бір салада сұранысқа ие маман болу үшін қандай дағдылар қажет екендігі туралы ұсыныстар береді.

Іс-шараға Ұлттық тестілеу орталығының сарапшылары да қатысады. Олар ҰБТ жаңалықтары туралы түсінік және қалған кезеңде тестілеуге қалай жақсы дайындалу керектігі туралы кеңестер ұсынады.

Айта кетерлігі, фестиваль Панфилов және Жібек жолы көшелерінде өтеді. Жұмыс уақыты-10:00 - ден 18:00-ге дейін. Оған кез келген адам бара алады.

Фестивальды ұйымдастырушылар: "Заманауи білім" журналының редакциясы мен Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу