Алматыда қатты жаңбыр жауады

Осыған байланысты ТЖД ескерту жасады. 

Алматыда қатты жаңбыр жауады Фото: inbusiness.kz

"Қазгидрометтің"  Алматыда қатты жауын - шашын туралы дауылды ескертуіне байланысты ТЖД төменде көрсетілген қауіпсіз ережелеріне назар аударуды сұрайды. 

Департамент мамандары, автомобильдің жылдамдығын төмендетуді, апаттық шамдарды қосуды немесе нөсер жаңбыр кезінде мүмкіндігінше пәтерде немесе жұмыста қалуды ұсынады.

Жеке тұрғын  үй иелері – дренаждық жүйелерді судың ағынын бұруға дайындау шараларын қабылдауы керек.
Егер жаңбыр жауған кезде сыртта болсаңыз:

- Электр желілерінің тұтастығына назар аударыңыз;
- Әлсіз нығайтылған құрылымдардың астында тұрмаңыз - олардың опырылып түсу қаупі бар;
- Су деңгейінен жоғары ғимараттарда болуға тырысыңыз.
- Жаяу жүргіншілер де абай болуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу