Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – "Қазақфильм" кинематография саябағын құру жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.
Саябақта тақырыптық аймақтар мен серуендеу аллеялары, интерактивті және мультимедиялық инсталляциялар, ашық аспан астындағы кино көрсетілімдеріне арналған амфитеатр, балалар және демалыс орындары қарастырылған.
Жоба арқылы Қазақстан киносының тарихын заманауи форматта таныстыру көзделеді. Келушілер отандық кинематографияның дамуы, танымал фильмдер мен елдің мәдени мұрасы туралы ақпарат ала алады.
Сонымен қатар саябақта кино көрсетілімдері, тақырыптық кездесулер және мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Жоба жүзеге асса, Алматыда қазақстандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік пайда болады.