Алматыда "Қазпошта" қызметкерлері наразылық акциясын ұйымдастырды

654

Олар жалақыны көтеруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етуде.

Алматыда "Қазпошта" қызметкерлері наразылық акциясын ұйымдастырды

Алматыда "Қазпошта" қызметкерлері жалақыны көбейтіп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, ереуілге шықты, деп жазды inbusiness.kz.

 "110-120 мың теңге аламыз. 70 мың теңге алатындар бар. Қазір бәрі қымбаттап жатыр, айлығымыз ештеңеге жетпейді. Арамызда жалғызбасты аналар бар. Көбіміз зейнет жасына жақындап қалдық. Сондықтан бізді ешкім жұмысқа апармайды. Олар осыны пайдаланып отыр. Ешқандай әлеуметтік пакет жоқ. Зиян жұмыс үшін сүттің өзін де әрең береді", – дейді компания қызметкерлері.

"Қазпошта" баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы филиалының директоры Алтын Садықова наразылыққа шыққандармен келіссөздер жүргізуде. Сонымен қатар жұмысшылардың талаптарын талқылау үшін "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Серік Саудабаев Алматыға ұшып келмек.

"Филиал ғимаратының алдына жұмысшылар тобы жиналып, жалақыны көтеруді талап етті. Кейбір Telegram арналарында жарияланған жалақы мөлшері туралы ақпаратқа қатысты, бұл мәлімет шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. 0,3 ставка бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы айына 24 сағатты құрайды. Ал толық мөлшерлеме нормасы – 176 сағат. Қазіргі уақытта "Қазпошта" АҚ жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күнімен жұмыс істейтіндердің саны (0,4, 0,5, 0,6, 0,7, 0,8 және 0,9) 47 адамды құрайды. Бұл ретте компания өз қызметкерлерімен ашық диалог жүргізуге дайын және жағдайды реттеу үшін барлық шараларды қабылдайды", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу