Алматыда кейбір маршруттардың қозғалыс схемалары өзгертіледі

705

Бұл туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасы мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz. 

Алматыда кейбір маршруттардың қозғалыс схемалары өзгертіледі

"Саин-Мөңке би көшелерінің қиылысындағы жолайрық" нысанындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуіне байланысты, келесі бағдарлардың сұлбасы 1 қазаннан бастап уақытша өзгертілді. №122 және №57 маршруттар – екі бағыт бойынша құрылыс аймағын арнайы ауыспа жол арқылы қиылыстың солтүстік-батыс жағынан айналып өтеді", – деп жазылған хабарламада.

Бұл ретте Мөңке би / Саин көшелерінде аялдама болмайды.

"№109 және №124 - Мөңке би мен Ақын Сара көшелері арасындағы арнайы айналма жол арқылы айналып өтетін болады", – деп хабарлады ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу