Алматыда кене қаптады

115

Кенелер әдеттегіден ерте шабуылдап, дәрігерлер дабыл қағып отыр.  

Алматыда кене қаптады Фото: iapn.kz

Маусым басталғалы бері кене шаққаннан кейін медициналық көмекке 2023 адам жүгінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға көп, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Зардап шеккендердің жартысына жуығы – 14 жасқа дейінгі балалар. Қалада кене энцефалитінің екі жағдайы тіркелді, науқастардың ешқайсысы вакцина алмаған.

Дәрігерлер Алматы маңы әлі де қауіпті аймақ болып саналатынын еске салды. Қалада саябақтар, скверлер мен тау шатқалдарын кенеге қарсы ауқымды өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Мамандар табиғат аясында серуендегенде сақ болуға, жабық киім киюге, репеллент қолдануға және демалыстан кейін денені мұқият тексеруге кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу