Алматыда кинотеатрлар жұмыс істей бастады

1091

13 сәуірден бастап қаладағы кинотеатрлар "Ashyq" пилоттық жобасына қосылған. 

Алматыда кинотеатрлар жұмыс істей бастады

Бүгін Алматыда кинотеатрлар жұмысын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Telegram-дағы "Бизнес Штаб Алматы" каналына сілтеме жасап.

Қазіргі аталған жобаға 5 кинотеатрға қосылған. 

"Ashyq" мобильді қосымшасы елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен қоғамдық орындарға кіру кезінде келушінің мәртебесі анықталады.

17 сәуірде Алматы қаласы бойынша "қызыл" мәртебе 1 келушіден анықталған.

Осыған байланысты, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы құқықтық мәселелер жөніндегі директоры Салтанат Лесбаева кинотеатрға
келушілерден кіру және шығу кезінде кодты сканерлеуді ұмытпауды сұрады. 

"Келушіде смартфон немесе қосымша болмаса, оны қосымшадағы "күзетші" функциясы арқылы кинотеатр қызметкері істей алады. Адамдардың мәртебесін тексермей, оларды кіргізбейміз. Бүгінде кинотеатрлардың толымдылығы 20%", - деді директор.

Айта кетейік, "Ashyq" пилоттық жобасы бойынша әрбір кәсіпкерлік субъектісіне жеке QR-код беріледі. Келуші қосымшаны жүктеп алады, әрі QR-кодты сканерлеген кезде олардың мәртебесі анықталады.

Мобильді қосымшада жеке тұлға үшін 4 мәртебе қарастырылған: қызыл, сары, көк және жасыл. 

Қызыл мәртебе қозғалысты шектеуді, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулаудың қатаң режимін сақтауды білдіреді; 

Сары қозғалысты ішінара шектеу керегін, ПТР дерекқорында науқаспен байланыста болған адам ретінде көрсетілген;

Көк ПТР міндетті болатын жерлерден басқа орынға бара алатынын білдіреді;

Жасыл түс қозғалыста ешқандай шектеу жоқ екенін және бұл пайдаланушы дерекқорда COVID-19-ға теріс нәтижесі бар адам ретінде көрсетеді

"Ashyq" қосымшасын пайдалану кәсіпкерлік субъектілерін санитарлық нормаларды сақтаудан босатпайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу