Алматыда кірісін төмендетіп көрсеткендер тәуекел аймағына алынды

912

Алматыда қоғамдық тамақтану орындары, моншалар мен хауыздар кірісін 2,5 есеге төмендетіп көрсеткен.

Алматыда кірісін төмендетіп көрсеткендер тәуекел аймағына алынды

Тәуекел аймағына түскен салық төлеушілерге қатысты камералық мониторинг басталды, деп хабарлайды қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті.

Алматыда қоғамдық тамақтану орындары, моншалар мен хауыздар кірісін 2,5 есеге төмендетіп көрсеткен.

"Алматы қаласы бойынша 219 салық төлеушілеріне ұйғарым қалыптастырылып, оның ішінде 34 салық төлеуші бойынша тамақтану объектілері, моншалар мен сауналар, қонақ үй кешені бойынша хронометрлік бақылау жүргізілуде. Алдын ала нәтижелер бойынша салық төлеушілердің кірістері 12,1 млрд теңгені құрады. Ал хронометрлік бақылауға дейін салық төлеушілер небары 5,4 млрд теңгені көрсеткен, яғни 6,7 млрд теңгеге төмендетіліп берілген",– делінген хабарламада.

Ведомство бюджет алдындағы міндеттемелерін орындамағандарға және салық төлеуден жалтарып жүргендерге, сондай-ақ тәуекелді салық төлеушілерге қатысты камералық мониторинг пен хронометрлік бақылау жүргізілетінін ескертіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу