Өскеменде адам ұрлап, өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

837

Аталған адамдар 2025 жылдың маусымынан іздеуде болған.  

Өскеменде адам ұрлап, өлтіріп кеткен күдікті ұсталды Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

14 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы полиция департаментімен бірлесіп, 2025 жылы мамырда Өскемен қаласының тұрғынын ұрлап өлтірген, күдікті топтың екі мүшесін ұстау бойынша операция жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оларға қатысты 2 айға қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ іздестіріліп жатқан адамдарды қасақана жасырып жүрген Алматы қаласының тұрғынын қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі де шешілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қылмыстық кодекстің 432-бабына сәйкес, қылмыс пен қылмыскерлерді жасырғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу