Алматыда қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты ұзартылды

943

Қала әуежайы штаттық режимде жұмысы істей бастады. 

Алматыда қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты ұзартылды

Оңтүстік астанада төтенше жағдайдың аяқталды, коменданттық сағат алынды. Соған байланысты қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты ұзартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

19 қаңтардан бастап автобустар мен троллейбустар 06:00-ден 23:00-ге дейін, ал метро 06:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар Алматы әуежайы штаттық режимде жұмысы істей бастады. 

 "19 қаңтарда сағат 00.00-ден бастап Алматыда төтенше жағдай мен коменданттық сағаттың аяқталуына байланысты мегаполистің халықаралық әуежайы әдеттегідей жұмыс істей бастайды", – деп хабарлады Халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу