Алматыда көкөніс бағасы 17 пайызға қымбаттап кетті

1184

Алматыда көкөніс бағасы 17 пайызға қымбаттап кетті

2017 жылғы қаңтарда 2016 жылғы желтоқсанға қарағанда, балғын жемістер – 3,7-17,3%-ға (қызанақ – 17,3%-ға, қияр – 11,9%-ға, сәбіз – 5,8%-ға, аққауданды қырыққабат – 5,7%-ға, сарымсақ – 5%-ға, картоп – 4,4%-ға, пияз – 4,1%-ға, қызылша – 3,7%-ға), жас жеміс-жидек 0,3-7%-ға қымбаттаған.

Алматы қаласының статистика департаментінің мәліметі бойынша, кептірілген және тұздалған балық, майшабақ және балық консервілерінің – 0,3-5,6%-ға, ет, құс еті және ет өнімдерінің – 0,2-4,9%-ға, жармалардың – 0,4-2,5%-ға, жұмыртқаның – 2,4%-ға, ашытқы және майонез –  1,7-2,4%-ға, ұн – 1,1-2,1%-ға, қатты ірімшік – 2%-ға, ас бұршақ және бұршақ – 0,7-1,7%-ға, сүт өнімдері (шикі сүт және қаймақ) және кондитер өнімдері – 0,5-1,5%-дан, май және тоңмай – 0,2-1,2%-ға, арақ – 0,9%-ға, кеспе – 06%-ға, қара бидай, бидай наны 0,5%-ға қымбаттағаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу