Алматыда көкөніс сататын дүңгіршектен шыққан өрт автотұрақты шарпыды

482

Өрт сөндірушілер дер кезінде келгеннің арқасында тілсіз жау таралмай, бірден ауыздықталды.

Алматыда көкөніс сататын дүңгіршектен шыққан өрт автотұрақты шарпыды

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша 2020 жылғы 19 қарашада сағат 06:58-де Әуезов ауданы Ақсай-4 ықшам ауданында орналасқан 17 үйдің маңында  өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына 7 минутта жеткен өрт сөндірушілер автотұрақ аумағында орналасқан көкөніс сататын дүңгіршек жанып жатқанын анықтаған. 

"Әуэзов ауданының өрт сөндірушілері өрттің автотұраққа таралуына жол бермеді. Қызыл жалын  жабық автокөлік тұрағындағы 2 автокөлік пен оның 50 шаршы метр шатырын шарпып үлгерген. Қатты қызу салдарынан Ниссан Премьера маркалы автокөлігінің алдыңғы әйнегі мен шанағына зиян келді. Өрт алғашқы 24 минуттың ішінде оқшауланып, 07:36-да толықтай сөндірілді", – деп хабарлады қалалық ТЖД. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу