banner

Алматыда көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші ұсталды

Осы арқылы ол жүйелі түрде жол қозғалысы ережелерін бұзып келген.  

Алматыда көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші ұсталды Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

"Буран-001" патрульдік экипажы қалада Mercedes маркалы көлікті тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін пайдаланғаны белгілі болды. Ол өз айыбын мойындады.

Жалған нөмірлер тағып алу арқылы ер адам жүйелі түрде жол қозғалысы ережелерін бұзып келген. Айыппұлдың жалпы сомасы 250 мың теңгеден асты. 

"Осы жылдың 10 айында “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” жүйесі Алматы жолдарында 11 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін тіркелгенін, оның ішінде жалған МТНБ-мен көлік жүргізу – 431, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдардың авто ізгіндеген 122 дерегі анықталды", – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу