Алматыда көлік ағашқа соғылып, бір адам мерт болды

412

Алматыда Mitsubishi көлігі ағашқа соғылып, жүргізушісі мерт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда көлік ағашқа соғылып, бір адам мерт болды Фото: Depositphotos

Қалалық Полиция департаментінің дерегінше, жол апаты 17 наурызда шамамен сағат таңғы сағат 05:10-да Сейфуллин даңғылында болған.

"Mitsubishi көлігінің жүргізушісі 1985 жылы туған азамат Ж., Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып, Мақатаев көшесінің қиылысында рульге ие бола алмай ағашқа соғылды. Алған жарақатынан жүргізуші қаза тапты. Бір жолаушы зардап шекті", - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу