Алматыда көлік айналарын ұрлаумен айналысқан 36 жастағы ер адам ұсталды

166

Күдікті өз кінәсін мойындады. 

Алматыда көлік айналарын ұрлаумен айналысқан 36 жастағы ер адам ұсталды Фото: polisia.kz

Алматы қаласының Алатау ауданы полиция қызметкерлері автокөліктердің бүйір айналарын ұрлады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бұған дейін басқарманың кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Белгісіз адам Зерделі шағын ауданы аумағындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында тұрған Toyota Land Cruiser автокөлігінің бүйір айналарын жасырын түрде ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен бір миллион теңге болды. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 36 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, түсініктеме берді.

– Сонымен қатар ұрланған бүйір айналар тәркіленіп, іс бойынша заттай дәлелдеме ретінде танылды. Тергеу барысында күдіктінің қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр, – деді Алатау аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Дәурен Керімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу