Алматыда көлік иелері митингіге шықты

787

Жиналғандар шетелдік темір тұлпарларын тіркеуге қарсы. 

Алматыда көлік иелері митингіге шықты

Алматының Республика алаңында 80-ге жуық адамның қатысуымен митинг өтіуде. Олар шетелдік темір тұлпарларын Қазақстан заңнамасы бойынша тіркеуге қарсылық білдіріп, көшеге шыққан. Жиналғандар Қызғызстан, Армения нөмірлерімен көлік тізгіндеп жүргендер. Оларға әкімдік өкілі шығып, басқа жерге барып келіссөздер жүргізуді ұсынды. 

"Біз халықтың жиналғанын көріп, осында келдік. Мұнда осыған жауапты кеден, прокуратура, полиция департаменті, әкімдік сынды мемлекеттік орган өкілдерін шақырдық. Біз сіздерді тыңдап, барлық сауалдарыңызға жауап беруге дайынбыз",– деді әкімдік өкілі Айдар Есенбеков. 

Митинг жалғасуда. Жиналғандар мемлекет басшысына үндеу жолдамақ. 

Естеріңізге сала кетсек 2020 жылдан бастап елімізде шетелдік нөмірмен жүрген көліктерді тіркеу міндетті болды. ІІМ Қырғызстан мен Армениядан әкелінген автолардың құжаттарын 10 күннің ішінде рәсімдеу керектігін хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу