Алматыда көлік қаққан жаяу жүргіншілер дәрігер бақылауында

366

Тіркелген емханалары бойынша амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді.

Алматыда көлік қаққан жаяу жүргіншілер дәрігер бақылауында Фото: la-securite-routiere.com

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Медеу ауданында болған жол апаты салдарынан зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның хабарына қарағанда, Орталық қалалық клиникалық ауруханаға алты адам жеткізілген.

Дәрігерлер жүргізген тексерулерден кейін төрт зардап шегушінің аяқ-қолдары сынғаны анықталған. Ал екі адам түрлі дене жарақатын алып, жұмсақ тіндері зақымданған.

Зардап шеккендердің біреуі ота жасау үшін ауруханаға жатқызылды. Қалғандарына қажетті медициналық көмек көрсетіліп, тексеруден кейін тіркелген емханалары бойынша амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу