Алматыда көлік қозғалысы бес есе азайды

750

Карантин талаптарын бұзған 30 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. 

Алматыда көлік қозғалысы бес есе азайды

Алматы жолдарындағы көліктер саны шамамен бес есеге азайды, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

"Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі" жүргізген талдау, қаланың негізгі көшелерінде көліктердің қозғалысы едәуір төмендегенін көрсетеді. Мәселен, Шығыс айналма жолы, Райымбек – Сайын, Сейфуллин – Жансүгіров, Төле би – Розыбакиев көшелеріндегі бейнебақылау жүйелері таңғы сағат 08.00-ден 09.00-ге дейін 4 мың 836 көлікті тіркеді. 11 наурыздың сәйкес уақытында бұл көшелермен 19 мың 546 көлік өткен еді", – деді Әкімшілік Полиция басқарасының басшысы Жандос Мұратәлиев.

Алматыда жалпы саны 35 бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылған. Полиция департаменті бір тәулікте 18 мың 798 көліктің қала ішінде жүру құқығының бар-жоғы тексерген. Нәтижесінде аудандық полиция  бөлімшелеріне карантин кезінде себепсіз жүргені үшін 128 жүргізуші жеткізіліп, 30 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу