Алматыда көлік ұрлағандар ұсталды

397

Күдіктілер қылмысты мойындады.  

Алматыда көлік ұрлағандар ұсталды Фото: polisia.kz

2000 және 2004 жылы туған екі ер адам қалада көлік ұрлаумен айналысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша, олар Айнабұлақ  шағын аудандағы үйлердің бірінің ауласынан көлікті ұрлап, ұсталған.

Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасыловтың айтуынша, криминалдық полиция бөлімі көлік ұрлаумен айналысқан екі адамды ұстады. Олар өз қылмысын мойындады.

Қазір ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған көлік тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу