Алматыда көлік ұрлығы азайды

967

Жыл басынан бері 22 қылмыс тіркелген. 

Алматыда көлік ұрлығы азайды

Алматы қаласы қылмыстық полиция басқармасының мәліметінше жыл басынан бері көлік ұрлығы 30%-ға төмендеген. 

"Жалпы жыл басынан бері 22 көлік ұрланды. Тергеу амалдары барысында оның 15-і табылып, иелеріне қайтарылды. Осы қылмыстарға қатысы бар 16 адам тұтқындалды. Мәселен, 30 қаңтарда "Тойота Лэнд Крузер Прадо" маркалық көлік кешкі сағат 19:00 шамасында Төле би көшесінің бойындағы спорттық кешен тұрағынан ұрланған. Қылмыскерлер арнайы сканера арқылы көлік есігін ашып, заңсыз тізгіндеп кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында 1995 жылы туған қылмыскер анықталды. Ол темір тұрларды  Түркістан облысына алып кеткен. Тергеушілер көлікті Шымкент қаласынан тапқан. Бұл ретте іздестіру шараларына Түркістан облысындағы әріптестеріміз көмек көрсеткенін атап өту қажет",– деді қылмыстық полиция басқармасының басшысы, полковник Жанболат Зиадин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу