Алматыда көлік жүргізген жасөспірім анықталды

Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті хабарлады.     

Алматыда көлік жүргізген жасөспірім анықталды Фото: Видеодан скриншот

Тексеру барысында көлік салонында да өзге кәмелетке толмағандар болғаны нақтыланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиғаға қатысушылардың барлығы мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілген. Ал көліктің арнайы тұраққа қойылғаны белгілі болды.

– Тексеру қорытындысы бойынша кәмелетке толмағанның заңды өкілдеріне балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін әкімшілік шаралар қолданылды. Сонымен қатар, көлік құралын басқару құқығы жоқ тұлғаға рөлді сеніп тапсырған адам да жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Қолданыстағы заңнама талаптары мен мұндай құқықбұзушылықтардың салдары жан-жақты түсіндірілді.

– Әрбір осындай дерек біз үшін қағидатты түрде қаралады. Кәмелетке толмағандардың көлік басқаруы олардың өз өмірі мен денсаулығына ғана емес, жол қозғалысының өзге де қатысушыларына тікелей қауіп төндіреді. Мұндай жағдайларда негізгі жауапкершілік ата-аналар мен заңды өкілдерге жүктеледі. Әсіресе, түнгі уақытта балаларды бақылаусыз қалдыруға болмайды. Алдын алу шаралары мен жауапкершіліктің бұлтартпастығы – осындай құқықбұзушылықтардың алдын алудың негізгі тетіктері, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Айдар Нағашыбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу