Алдын ала деректер бойынша, көлік жуу қызметкерлері мас күйінде клиенттің көлігін айдап шығып, серуендеуді жоспарлаған. Алайда көлікті басқара алмай, апатқа ұшырады, деп жазады inbusiness.kz сайты kris_p_almata парақшасына сілтеме жасап.
Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ: жүргізушілер де, жүргіншілер де аман. Алайда жууға әкелген көлікке қатты зақым келіп, жарамсыз болып қалды.
Қазір жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу