Алматыда коммуналдық қарызы бар кәсіпорындарға шектеу шаралары қолданылуда

103

602 кәсіпорынның материалы сот орындаушыларына жолданып, 283-і қарызын толық өтеді.  

Алматыда коммуналдық қарызы бар кәсіпорындарға шектеу шаралары қолданылуда Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматыда 2026 жылдың басынан бері жылумен жабдықтау және ыстық су қызметі үшін берешегі бар 600-ден астам кәсіпорынға қатысты мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жалпы заңды тұлғаларға қатысты 1274 материал қаралған. Оның 602-сі сот орындаушыларына жолданса, қалған материалдар заңды күшіне ену сатысында.

Берешегі бар кәсіпорындарға банк шоттары мен мүлкіне тыйым салу, нотариаттық әрекеттерге шектеу қою, сондай-ақ қарыз көлемі заңда белгіленген шектен асқан жағдайда елден уақытша шығуға тыйым салу сияқты шаралар қолданылуда. Осы уақытқа дейін 283 кәсіпорын қарызын толық өтеген.

Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары коммуналдық қызмет ақысын ұзақ уақыт төлемеген тұтынушыларға ғана қолданылады. Бұған дейін борышкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қарызды ерікті түрде өтеуге мүмкіндік беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу