Алматыда коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

282

Қосымша 612 техника мен 590 жұмысшы тартуға дайын.

Алматыда коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматыда коммуналдық қызметтер көшелер мен жолдарды тазалау, сондай-ақ көктайғақтың алдын алу жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жолдар мен жаяу жүргіншілер аймақтарының жағдайы тұрақты бақылауда.

Қала тазалығын қамтамасыз етуге күн сайын 3 250 жұмысшы мен 1 225 арнайы техника жұмылдырылған. Ауа райы қолайсыз болған жағдайда қосымша 612 техника мен 590 жұмысшы тартуға дайын. Сонымен қатар 200 құрама жол машинасы да жұмысқа кірісуге әзір.

"Қазгидромет" мәліметінше, 16 қарашада күндіз Алматыда жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы +2…+4 градус шамасында болады.

Қаланың коммуналдық қызметтері ауа райына тұрақты мониторинг жүргізіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу