Алматыда коммуналдық және жедел қызметтер күшейтілген режимге көшті

463

Бүгін Алматыда нөсер жауып, жел күшейеді.  

Алматыда коммуналдық және жедел қызметтер күшейтілген режимге көшті Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Синоптиктер болжамынша, Алматы іргесіндегі Іле Алатауында, Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында да жаңбыр, тіпті қар жаууы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"4 қазан сағат 21:00-ден кейін жаңбыр басталып, түн ортасынан кейін жауын-шашын күшейеді. Кей уақыттарда жауын-шашын мөлшері 15-20 мм-ге жетуі мүмкін. Таңертең жаңбыр бәсеңдеп, 5 қазан түске дейін тоқтауы мүмкін", – деп хабарлайды "Қазгидромет".

Осыған байланысты Алматыда коммуналдық және жедел қызметтер күшейтілген режимге көшті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу