Алматыда көп қабатты үйден 38 адам эвакуацияланды

709

Оның ішінде 6 бала бар.  

Алматыда көп қабатты үйден 38 адам эвакуацияланды

2021 жылғы 7 шілдеде Бостандық ауданы, Бұхар жырау көшесіндегі көп қабатты тұрғын үй кешеніндегі пәтерден өрт шығып, тұрғындарды құтқаруға ТЖД қызметкерлері тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Сағат 12:43-те келген бойда көп қабатты тұрғын үйдің 13-қабатындағы пәтерден түтіндеу орын алғаны анықталды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары барлау жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялау жүргізілді, өрт ошағына өрт оқпандары беріліп, өрт автосаты орналастырылды", – деп хабарлады ТЖД. 

Алдын ала дерек бойынша өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Жалынның шығу себебі анықталуда. 

"Өрт 13:45-те жойылды. Қосымша барлау жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала дерек бойынша 38 адам құтқарылды. Оның 6-ы бала", – деп хабарлады ТЖД. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу