Алматыда көпір үстінде ірі жол апаты орын алды

894

Жол апатынан бір адам қаза тапты, ал төртеуі ауруханаға жеткізілді. 

Алматыда көпір үстінде ірі жол апаты орын алды

Алматыда ірі жол апатынан бір адам қаза тапты, ал төртеуі ауруханаға жеткізілді. Оқиға Рысқұлов пен Жансүгіров көшесіндегі көпірдің дәл үстінде орын алған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Соғысып қалған Toyota camry мен Газель көлігінің артынан қатты жылдамдықпен келген КАМАЗдың тоқтай алмай, соққаны басқа көліктің бейнетіркеу камерасына түсіп қалған.

Қатты соққы салдарынан жапон көлігі 50 метр жерге сырғанап кетті. Апаттан жеңіл көліктің жүргізушісі көз жұмды. Ал, зардап шеккен 4 адамның ішінде бір жастағы сәби де бар.

Қазіргі таңда мән-жайдың себебін полиция тергеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу