Алматыда көше ұзарту жұмыстарына байланысты кей аудандарда газ беру тоқтатылады

120

Ыстық су аккумуляторлық бактар арқылы беріледі.

Алматыда көше ұзарту жұмыстарына байланысты кей аудандарда газ беру тоқтатылады Фото: Qazaq Gaz Aimaq

Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімдігі кей аумақта газ беру уақытша тоқтатылатынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресми мәліметке сәйкес, 13-15 сәуір аралығында "QazaqGaz Aimaq" АҚ Алматы өндірістік филиалы жоғары қысымды жерасты газ құбырын көшіру және қайта монтаждау жұмыстарын жүргізеді. Жұмыстар Төле би көшесін ұзарту (Әшімов көшесінен қала шекарасына дейін) жобасы аясында өтеді.

Осыған байланысты Медеубеков көшесі – Райымбек даңғылы – Әшімов көшесі – Абай даңғылы аралығындағы аумақта орналасқан тұрғын үйлер мен нысандарда газ беру уақытша тоқтатылады. Сонымен қатар "Премьера" қазандығына газ берудің тоқтатылуына байланысты ыстық су беру уақытша шектеледі.

"Ыстық су аккумуляторлық бактар арқылы беріледі, алайда су температурасы төмен болады. Су қоры шамамен бір тәулікке жетеді. Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", – деп хабарлады аудан әкімдігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу