Алматыда көшеге шыққан картинг көліктерінің жүргізушілері жауапқа тартылды

396

Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.  

Алматыда көшеге шыққан картинг көліктерінің жүргізушілері жауапқа тартылды Фото: бейнежазбадан

Алматыда картингке арналған спорт көліктерімен қала көшесіне шыққан бірнеше азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға "Медеу" мұз айдынына баратын жолда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қатысушылар сол аумақта жарыс өткізуді жоспарлаған.

Полиция жүргізген тексеру барысында оқиғаға қатысқан барлық азаматтың жеке басы анықталды.

Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін төрт адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ барлық спорттық көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына жеткізілді.

Полиция өкілдері ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында картингке арналған спорт техникаларын жүргізуге болмайтынын еске салып, мұндай әрекеттер жол қозғалысына қауіп төндіретінін және заң аясында жауапкершілікке әкелетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу