Алматыда көші-қон тәртібін бұзған 16 шетелдік елден шығарылды

264

Соңғы 3 күнге созылған жұмыс қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасын бұзған 135 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

Алматыда көші-қон тәртібін бұзған 16 шетелдік елден шығарылды Фото: polisia.kz

Алматыда полиция заңсыз көші-қон деректерін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы қаласының Бостандық ауданында көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.

16 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды, 27 адам жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату орнына жеткізілді, ал 23 қабылдаушы тұлға жауапкершілікке тартылды.

Іс-шара барысында көші-қон полициясының қызметкерлері жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ күйде СПА-салондардың бірінде және құрылыс нысанында болған азаматтарды анықтады. Аталған тұлғалардың барлығы жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

– Біз азаматтардың ел аумағында болу заңдылығын, тіркеу талаптарының сақталуын және қабылдаушы тараптардың жауапкершілігін тексеру арқылы қаладағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейміз, – деді Алматы қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу