Алматыда қою тұман салдарынан әуе рейстері кешігіп жатыр

1450

Нақты деректер бойынша әуе компанияларына хабарласу керек. 

Алматыда қою тұман салдарынан әуе рейстері кешігіп жатыр

Алматыны 31 қаңтар күні таңертең қалың тұман басты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әуежайдың онлайн таблосына сәйкес, бұл күні 12 рейс кешігіп келеді. Оның ішінде бес ұшақ Нұр-Сұлтаннан уақытында ұша алмады. Бұл бағыттағы рейсті қазақстандық төрт әуе компаниясы орындайды: Air Astana, Fly Arystan, Qazaq Air және SCAT.

Сондай-ақ Шымкент, Атырау, Жезқазған, Өскемен және Пхукет рейстері де кешігуде.

Ал бес ұшақ Алматыдан Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтөбе және Жезқазған бағыттары бойынша ұша алмады.

"Бүгінгі күні Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты кешігулер жоқ. Кешігулер болса, әуе компанияларына хабарласуларыңызды сұраймыз", – деп хабарлады әуе айлағының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу