Алматыда креативті экономиканы дамытуға арналған инвестициялық қор құрылды

122

Қор Астана халықаралық қаржы орталығының (AIFC) алаңында құрылып, ағылшын құқығының юрисдикциясында жұмыс істейді.  

Алматыда креативті экономиканы дамытуға арналған инвестициялық қор құрылды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда тікелей инвестиция қорын құру туралы үшжақты келісімге қол қойылды. Салтанатты рәсім халықаралық New Vision Forum 2025 форумының аясында өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Келісімге Almaty Creative креативті индустрияларды дамыту орталығы, Freedom Holding Corp. және VPE Capital Fund Management Limited қол қойды. Creative Capital Fund қоры креативті индустрияларда кәсіпкерлікті дамытуға, Алматыдағы жоғары шығармашылық әлеует пен өңірлік ерекшелікті ескере отырып, жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған.

"Қордың инвестициялары экспорттық әлеуеті жоғары бағыттарға – киноөндіріс (бейне және анимация салаларын қоса алғанда), музыка, IT және геймдев, сәулет, дизайн және цифрлық медиа салаларына шоғырланады", – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов.

Қордың бастапқы капиталы 21 млрд теңге, оның ішінде 10 млрд теңге – жергілікті бюджеттен, 11 млрд теңге – жеке және шетелдік инвесторлардың қаражатынан құралады.

Қор Астана халықаралық қаржы орталығының (AIFC) алаңында құрылып, ағылшын құқығының юрисдикциясында жұмыс істейді.

Қордың қызмет ету мерзімі – 10 жыл, оның ішінде 5 жыл инвестициялық, 5 жыл постинвестициялық кезең ретінде белгіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу