Алматыда криптовалютамен айналысқан қаржы пирамидаларының жұмысы тоқтатылды

129

Соттың санкциясымен 3,8 млн USDT көлемінде криптоактивтерге тыйым салынды.

Алматыда криптовалютамен айналысқан қаржы пирамидаларының жұмысы тоқтатылды Фото: Beiyncrypto.ru

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті "Warner Bros", "Roborock" және "NFT+TRX" қаржылық пирамидаларының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаржылық пирамида ұйымдастырушылары салымшыларды трейлерлерді көру арқылы жоғары пайда алу деген сылтаумен жобаларға инвестиция салуға көндірген.

Жоба 9 деңгейден құралып, орташа салым сомасы 225 мың теңгені құрады, төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданды.

Мысалы, "Warner Bros" жобасы бойынша салымшылар арнайы қосымшаға тіркеліп, криптовалюта арқылы қолжетімділікті сатып алып, трейлерлерді көру үшін және жаңа салымшыларды шақыру үшін "есептелетін" сыйақылар алған.

Тергеу барысында салымшылардан қаражат жинау және транзит жасау үшін қолданылған криптовалюталық әмияндар анықталды.

Соттың санкциясымен 3,8 млн USDT көлемінде криптоактивтерге тыйым салынды.

Құқықтық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу