Алматыда құрылыс краны құлап, бір адам жарақат алды

262

Зардап шеккен азамат ауруханаға жатқызылды.  

Алматыда құрылыс краны құлап, бір адам жарақат алды Фото: zakon.kz

Алматыдағы Шығыс айналма жолында автокран құрылыс алаңынан құлап кетіп, бір адам жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Куәгерлердің айтуынша, таңғы сағат 6 шамасында "МАЗ" автокраны жүк көтеру жұмыстарын жүргізу үшін құрылыс алаңына келген. Кран бұрылып, аумақта тоқтаған. Жүргізуші мен оның серігі жақын маңда шылым шегіп тұрған кезде, көлік кенеттен төмен қарай домалай жөнелген. Екеуі кабинаға мініп, көлікті тоқтатуға тырысқанымен, бәрі бекер болды. Ер азаматтардың бірі соңына дейін көліктен айырылмай, онымен бірге биіктіктен ұшып кеткен.

Жол бойында "МАЗ" бетон блок пен жол қоршауын қағып өтіп, баспалдаққа соғылды, оның қоршауын қиратып, тротуарға бетімен барып кірді. Cол сәтте жаяу жүргіншілер жолағында ешкім болмаған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, "МАЗ" жүргізушісі зардап шекті. Оның аяғы сынғаны хабарланып отыр, өзге де жарақаттар бар.

Оқиға орнында көлік кептелісі пайда болды. Оқыс оқиғаның барлық мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу