Алматыда құтқарушылар тауда адасып қалған туристі аман-есен түсірді

296

Турист қараңғыда таудан өздігінен түсе алмаған.

Алматыда құтқарушылар тауда адасып қалған туристі аман-есен түсірді Фото: Бейнежазбадан

Алматы қаласының құтқарушылары Қарасай ауданындағы тауда көмекке мұқтаж болған жас туристі қауіпсіз жерге түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға өткен түні теңіз деңгейінен 3680 метр биіктікте орналасқан Үлкен Алматы шыңы маңында болған. 2009 жылы туған турист қараңғы түсуіне байланысты жолын өздігінен жалғастыруға қорыққан.

Жасөспіріммен телефон арқылы байланыс орнатқан құтқарушылар оның географиялық координаттарын алып, көмекке барған.

Құтқарушылар туристі "БАУ" бақылау-құтқару бекетіне аман-есен жеткізді. Оған медициналық көмек қажет болмаған. Құтқару жұмыстары аяқталған соң турист үйіне өз бетінше қайтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу