Алматыда құтқарушылар тауда қалып қойған қызға көмектесті

324

Оқиға Кімасар шатқалында болған.  

Алматыда құтқарушылар тауда қалып қойған қызға көмектесті Фото: Бейнежазбадан

Алматының Медеу ауданындағы Кімасар шатқалында шамамен 2 600 метр биіктікте қызға құтқарушылардың көмегі қажет болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қыздың жағдайы нашарлап, таудан өздігінен түсе алмаған. Оқиға орнына барған "КСП Бутакты" Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының қызметкерлері оған қажетті көмек көрсетіп, қауіпсіз жерге түсірді.

Төтенше жағдайлар министрлігі тауға шығар алдында маршрутты алдын ала жоспарлап, ауа райы мен күннің бату уақытын ескеруге шақырды. Сондай-ақ туристік соқпақтардан шықпай, өз мүмкіндігін дұрыс бағалау қажет. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу