Алматы қаласындағы Алма-Арасан шатқалында 2005 жылы туған азамат серуендеу кезінде таудың тік бөлігінде қалып қойып, өздігінен түсе алмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнына жедел түрде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жіберілді. Мамандар көрсетілген аумаққа жетіп, азаматты анықтап, оны қауіпсіз эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырды.
Нәтижесінде жас жігіт қауіпсіз жерге аман-есен жеткізілді. Медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі болмаған.
ТЖМ таулы аймақтарға шығар алдында азаматтарға қауіпсіздік ережелерін сақтауды, бағытты алдын ала жоспарлауды және жалғыз шықпау қажеттігін ескертеді. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу ұсынылады.