Алматыда күзет қызметінің лауазымды тұлғалары парамен ұсталды

990

Басқарма басшысы, батальон командирі және оның орынбасарлары қамауға алынған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.  

Алматыда күзет қызметінің лауазымды тұлғалары парамен ұсталды

ҚР ІІМ Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қамқорлық жасағаны үшін өзінің қарамағындағылардан пара ретінде 24 мың 900 АҚШ долларын алу фактісі бойынша ҚР ІІМ Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының лауазымды адамдарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", – деді бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин.

Оның айтуынша, сотпен басқарма басшысы, батальон командирі және оның орынбасарлары қамауға алынған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу