14 қазанда Алматы галереясында "Арқау" халықаралық көрмесі ашылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Экспозиция Шыңғыс Айтматовтың туғанына 100 жыл толуына орай жоспарланған іс-шаралар аясында ұйымдастырылады.
Көрмеде Қырғыз Республикасы Суретшілер одағының мүшелері Кубанычбек Ибрагимов, Бахрамжон Темиров, Садык Мурзаканов және Азиз Сулаймановтың 65 туындысы ұсынылады.
Экспозицияның негізгі идеясы – Шыңғыс Айтматовтың әдеби мұрасын бейнелеу өнері арқылы жаңаша пайымдау. Суретшілер жазушы шығармаларының сюжеттері мен кейіпкерлерін өз туындыларында бейнелейді.
Көрме 2026 жылғы 7 қарашаға дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу