Алматыда қызбен танысуға келген жігітті бопсалағандар ұсталды

894

Полицейлер әлеуметтік желідегі танысу тізбегі бойынша жасалған тонау қылмысын әшкереледі.

Алматыда қызбен танысуға келген жігітті бопсалағандар ұсталды Фото: polisia.kz

Танысу сайттарының бірінде қызбен танысқан ер адам қылмыстың құрбаны болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қысқа әңгімелесуден кейін олар жалдамалы пәтерде кездесуге келіседі. Алайда кездесудің ортасында пәтерге өзін қыздың "ағалары" ретінде таныстырған 3 ер адам кіріп келеді.

Олар қыздың кәмелет жасына толмағанын айтып, жәбірленушіден ақша талап еткен. Сондай-ақ, оның телефоны мен басқа да заттарын тартып алған.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар барлық адамдарды анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Азаматтарды интернет арқылы танысу кезінде барынша сақ болуға, күмәнді орындарда кездесуден бас тартуға және тек хат-хабар арқылы ғана таныс адамдарға сенбеуге шақырамыз, – деді Алматы қаласы Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Тимур Иманбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу