Алматыда қыздың кеудесін ұстаған курьер 7 тәулікке қамалды

484

Сот курьерді кінәлі деп тапты.    

Алматыда қыздың кеудесін ұстаған курьер 7 тәулікке қамалды Фото: Бейнежазбадан

Алматы қаласының Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оның әрекетін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы – "Ұсақ бұзақылық" бойынша саралаған, деп жазады inbusiness.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Ер адам кінәлі деп танылып, оған 7 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалған. Жәбірленуші курьерді жыныстық сипаттағы әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап еткенімен, іс әкімшілік өндіріс аясында қаралған.

Оқиға 14 ақпанда болған. Жәбірленуші Дарьяның айтуынша, курьер оған шамамен сағат 20:40-та гүл жеткізген. Тапсырыс ауыр болғандықтан, қыз ер адамнан гүл себетін дәліздегі еденге қоюын сұраған.

Жәбірленушінің сөзінше, курьер пәтерге кіріп, гүлді қойғаннан кейін халатынан ұстап, ашып жіберіп, кеудесіне қол тигізген. Дарья шошығаннан қатты айқайлап, ер адамды пәтерден қуып шыққан.

Қыз оқиғадан кейін бірден полиция шақырып, арыз жазған. Кейін ер адамның inDrive сервисінде жұмыс істегені туралы ақпарат тарады, бірақ компания мұны жоққа шығарды.

"Оқиға туралы ақпарат түскен сәттен бастап біз тексеру жүргіздік. Нәтижесінде, тараптардың өзара әрекеттестігі inDrive сервисінен тыс, тікелей келісім бойынша жүзеге асқаны және біздің сервис арқылы рәсімделген тапсырыс емес екені анықталды", – деп хабарлады InDrive өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу